📚 «ҚОҒАМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ, ҰРПАҚҚА АМАНАТ» атты дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 23 маусым күні Қарағанды қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы лицей базасында қоғам қайраткері, журналист Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков туғанына 130 жыл толуына арналған «ҚОҒАМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ, ҰРПАҚҚА АМАНАТ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар көрнекті тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық қызметі, журналистика саласындағы еңбегі және ел дамуына қосқан үлесі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, Абдолла Әбдірахманұлының өнегелі ғұмыры мен азаматтық ұстанымы кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.
Кездесу аясында баяндамалар жасалып, естеліктер айтылып, тұлғаның бай мұрасы мен тағылымды жолы кеңінен насихатталды. Жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елжандылық пен адал қызметтің маңызын түсіндіру бағытында мазмұнды пікір алмасу өтті.
Осындай тағылымды шаралар ұлт тарихында өзіндік орны бар азаматтардың еңбегін ұлықтап, олардың рухани мұрасын кейінгі буынға жеткізуге ықпал етеді.





