5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
Бұл мереке 1972 жылы БҰҰ шешімімен бекітіліп, табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат етеді. 🌿
Осы атаулы күнге орай М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараға Қ.А. Сағынов атындағы колледж-мектебі мен «Балаәлем» білім орталығының жазғы лагерь тәрбиеленушілері қатысты. Балалар кітапхана ауласындағы ағаштарға су құйып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. 🌱🍃





