М. О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында «Жазды кітаппен бірге өткіземіз» атты ашық аспан астындағы танымдық шарасы өтті. Шараға Қ.А. Сағынов атындағы колледж-мектебінің жазғы лагерінің балаларымен мен студенттері және оқытушылары қатысты. Бағдарлама барысында балалар түрлі зияткерлік ойындарға қатысып, асфальтқа ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.





