1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапхана ұжымы орталық саябақта балаларға арналған мерекелік бағдарламамен көпшілікке шықты. Мереке аясында қызықты ойындар, танымдық тапсырмалар, көңілді сайыстар ұйымдастырылып, балалар әдебиеттерінен кітап көрмесі ұсынылды.
Кішкентай қонақтар ойындарға белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, түрлі қызықтарға толы әсерлі сәттерді бастан кешіруде. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты көңіл-күйі мерекенің сәнін келтіріп, саябаққа ерекше жылулық сыйлауда.
Барша бүлдіршіндерге жарқын балалық шақ, зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз!

2026 06 02 114631    2026 06 02 114648     2026 06 02 114727    2026 06 02 114749

Яндекс.Метрика