«Бейбіт аспан астындағы балалық шақ» - әдеби-ойын бағдарламасы
Кітапханада «Аққу» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін ерекше әрі қызықты әдеби-ойын шарасы өтті. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, жұмбақтар шешті, викториналық сұрақтарға жауап берді, командалық ойындарға қатысты және сүйікті ертегі кейіпкерлерін қимыл арқылы көрсетті. Сонымен қатар, олар бейбітшілік пен достық тақырыбында өз қиялдарын айтты. Бұл шара балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, мейірімділік пен бейбіт өмірдің маңызын ұғындырды.





