19.05.2026ж № 12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана филиалында оқырмандарға арналған «Кітапханаға саяхат» атты танымдық экскурсия өтті. Іс-шара барысында қатысушылар кітапхананың бөлімдерімен танысып, кітап қоры, оқу залдары және жаңа әдебиеттер туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, кітапты дұрыс пайдалану ережелері түсіндіріліп, оқырмандарға қызықты кітаптар ұсынылды.





