1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған «Бірлігіміз жарасқан – Қазақстан!» атты танымдық ойын өткізілді.
Шара барысында қатысушылар ойын форматында түрлі сұрақ-жауап, викториналар мен қызықты тапсырмалар арқылы Қазақстан туралы тың мәліметтер алып, танымдық көкжиектерін кеңейтті.
Іс-шара Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен оның «Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі» КММ-нің қатысуымен өткізіліп, ерекше жылы атмосферада өтті. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқап, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.





