23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана ақпараттық-танымдық шара ұйымдастырылады.
Кеш аясында оқырмандар назарына «Білім инемен құдық қазғандай» атты ерекше кітап инсталляциясы ұсынылады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап айдары өткізіліп, кітап оқу мәдениеті, оның қоғамдағы маңызы мен пайдасы туралы еркін пікір алмасу жүргізілді.
Бағдарлама барысында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің мамандары кітапхана қорына сыйға кітапттар тарту етті. Сонымен қатар «Кітапханашының бір күні» атты бейнеролик көрсетіліп, көрермендер кітапханашы мамандығының қыр-сырымен жақынырақ танысты.
Сондай-ақ, «Кітапханашы – жан-жақты маман» атты флешмоб ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлерінің заманауи, креативті бейнесі көпшілікке ұсынылды.
Бұл шара – кітапқа деген қызығушылықты арттырып, кітапхананың қоғамдағы рөлін айқындайтын маңызды мәдени басқосу болмақ.





