✨14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мереке әлемде салыстырмалы түрде жақында, 2012 жылы пайда болып, бүгінде көптеген елдерде аталып өтуде. Басты мақсаты – адамдарды бір-біріне кітап сыйлауға шақыру, оқуға деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
Осы орайда М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қабырғасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мүшелері арнайы қонақ болды.
📖Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға сыйлық ретінде қызықты әрі мазмұнды кітаптар тарту етті. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, әсерлерімен бөлісті. Тағылымды кездесу көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітаптың адам өміріндегі маңызын айшықтай түсті.✨

2026 02 16 121802    2026 02 16 121815     2026 02 16 121827

Яндекс.Метрика