2026 жылдың 12 ақпанында №16 кітапхана-филиалында 51 ЖББМ және
4 мектеп-интернаттың 7 сынып оқушылары үшін «Ауғанстан - сен біздің жүрегіміздесің» атты еске алу кеші өтті.
Патриотизмді, тарихқа құрмет көрсетуді және қаза тапқан қазақстандықтарды еске алу үшін Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға
жіберілген жауынгерлері туралы естеліктерінің бейне баяны көрсетілді. «Ауғанстан - ұмытылуға құқығы жоқ» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Ауған жауынгерлері Акпаров А.Т., Сахнов С.А. және Оразбеков А.С. соғыс туралы естеліктерімен бөлісті - соғыс оларды қалай шынықтырды және оларда мәңгілік із қалдырды.
Соғыс құрбандары бір сәт үнсіздікпен еске алынды және бұл жас ұрпақ үшін әсерлі болды. Көрермендер ауған жауынгерлеріне көптеген сұрақтар қойды. Бұл ұрпақтар арасындағы жанды диалог болды.
«Кешегі бозбалалар Кабулға ұшып барады» және «Ауғанстан жолдарымен» бейнероликтері көрсетілді.





