Өндірісі өрлеген – Теміртау.Қарағанды қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі қолдауымен,
Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың «Өлкетану» бөлімінің ұйымдастыруымен
«Өндірісі өрлеген – Теміртау» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті.80 жылдан астам тарихы бар Теміртау – бүгінде әлемге танылған ірі өндіріс орталығы.Қала осыдан 55 жыл бұрын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Бұл – маңдай терін төккен еңбек адамдарының ерен еңбегінің айғағы.Іс-шараға Қарағанды машина жасау колледжінің студенттері,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының және Теміртау қаласы №2 ЖББМ оқушылары, ұстаздары, ата-аналары, кітапхана оқырмандары қатысты.Іс-шараны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Айдын Жаңбырбай жүргізді. Жас модератор іс-шараның мазмұнды әрі жүйелі өтуіне үлес қосты.
Бағдарлама аясында Тайыр Жароковтың «Теміртау» шығармасы оқылып,
Теміртаудың тарихы мен дамуы туралы тың мәліметтер ұсынылды.
Сондай-ақ қала дамуына үлес қосқан еңбек ардагері Қазыкен Тілеубергенов жастарға тағылымды ой-пікірін білдірді.
Теміртау – еңбекпен түлеген, тарихымен мақтанатын қала.
Бұл жолды жалғастыру – бүгінгі жастардың міндеті.
Білім, технология, жасанды интеллект – ел экономикасын алға бастырар басты күш.Жасай бер, жарқырай бер, өндірісті қала – Теміртау!





