14.01.2026 №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана филиалында Ж.Ташенев атындағы ЖББМ 5 “Е” сынып оқушылары үшін Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай “Жастар” БЖК Б.Л. Дарабаевамен бірлесіп “Т. Мұсабаев жұлдыздарына жол” атты танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы балаларға Талғат Мұсабаевтың Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы ғарышкер екендігі туралы айтып, кітап көрмесі бойынша шолу жасады. Т. Мұсабаев туралы бейне көрсетілді. Балалар Т.Мұсабаевтың ғарышта 3 рет болғанын, оның Қазақстандағы ғарышкерлікті дамытуға қосқан үлесі туралы білді. Содан кейін оқушылар “Ұшақ”, “ғарыштық анаграммалар”, “ғарышкердің таңғы асы” және “саяхатқа дайындық” байқауларына қызығушылықпен қатысты. Іс-шара танымдық және қызықты өтті.





