Абайтанушы ғалым, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай Қарағанды индустриялдық-технологиялық колледжінде №8 кітапхана-филиалының кітапханашысы ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында Қайым Мұхамедхановтың қазақ руханиятындағы айрықша орны, Абай мұрасын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі, әдебиет пен ғылымға сіңірген қызметі жан-жақты таныстырылды. Оқырмандар ғалымның өмір жолы, шығармашылық мұрасы, абайтану ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды.
Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, Қайым Мұхамедхановтың еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттерге шолу жасалды. Ақпараттық сағат студенттердің ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, ғылым мен өнерге құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Тағылымды кездесу жас ұрпаққа өткенді танып, тарихи тұлғалардың еңбегін бағалаудың маңызын ұғындырған мазмұнды шара болды.📚📚📚

2026 01 13 164935    2026 01 13 165002    2026 01 13 165018

Яндекс.Метрика