Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай кездесу кеші өтті.
Іс-шараға Қарағанды медициналық колледжінің студенттері белсене қатысты.
Кездесу кешіне құрметті қонақтар шақырылды:
Камалиев Тілеубек Камалиұлы – Қазбек би атындағы аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Бимендин Өзібек Исатайұлы – Қарағанды қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Кадеков Мұрат Шолтақұлы – Қазбек би атындағы аудан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары;
Құлжанбеков Шұқыржан Елеубайұлы – Қарағанды қаласы Мәслихатының депутаты, запастағы капитан, «Күрең берет» иегері;
Аяғанов Алтай Бодейұлы – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің тарих пәні мұғалімі.
Кездесу барысында Бауыржан Момышұлының ерлік жолы, отансүйгіштік рухы мен өнегелі өмірі жайлы тағылымды әңгімелер айтылып, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы кеңінен сөз болды.





