2025 жылдың 12 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "31775 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінде №8 кітапхана-филиалының кітапханашысы «Тәуелсіз Қазақстан» атты тарихи сағат өткізді.
Оқиға барысында қатысушылар тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи кезеңдермен танысты. Кітапханашы отандастарымыздың ерлік тарихына, мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуына арналған қызықты деректерді, фотоматериалдар мен құжаттарды көрсетті.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларын бөлісті, тарихи ақпараттар арқылы Қазақстанның біртұтас мемлекеттілік жолын тереңірек түсінді.
Бұл іс-шара Тәуелсіздігіміздің қадірін ұғынуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған маңызды сәттердің бірі болды.

2025 12 15 092031     2025 12 15 092105     2025 12 15 093147

Яндекс.Метрика