Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ‑ның ұйымдастыруымен «Еркіндік үшін еңіреген – Ел Азаматы» атты еске алу кеші өткізілді. Іс‑шараға қонақтар: Е.М. Нелдібаев – Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облысының мемлекеттік архиві» КММ‑ның басшысы; С.Б. Жұмағұлов – филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі; Ж. Жылқыбайұлы – Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің PhD докторанты, «Қазақстан тарихы» порталының тілшісі, алаштанушы; Н.Б. Смағұлов – Е.А. Бөкетов атындағы ҚҰЗУ Тарих факультетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы; М. Жаманкешовна мен М. Дүйсенбайқызы – Қарағанды облыстық тарихи‑өлкетану мұражайының қызметкерлері; А.С. Рахымбаева – Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық‑техникалық колледжінің тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы; С.Қ. Оспанов – өлкетанушы, Журналистер одағының мүшесі; Д.М. Сафарова – Имам Әлімбековті зерттеуші, музей қызметкері, оның шөбересі; А. Баймамырова – Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің филология факультетінің докторанты және Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің тарих пен филология факультеттерінің студенттері. Іс-шара барысында Имам Әлімбековтің өмірбаяны, қоғамдық‑саяси қызметі, ұстаздық қызметі, Алаш қайраткерлерімен байланысы және ел тәуелсіздігі жолындағы күрескерлік мұраты жан-жақты таныстырылды.Ұрпақтары, ғалымдар мен зерттеушілер Имам Әлімбековтің қоғамдық қызметі мен тарихи мұрасына қатысты зерттеу еңбектері мен архивтік материалдарын ұсынды. Архив құжаттары, фотосуреттер, сирек кездесетін деректерден тұратын шағын көрме ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – Имам Әлімбековтің тұлғасын еске алу, оның тарихи рөлін таныту және жастар арасында тарихи сана қалыптастыру.

2025 12 12 162922    2025 12 12 162946    2025 12 12 163012     2025 12 12 163033    2025 12 12 163125

Яндекс.Метрика