25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жыл сайын өткізілетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы өтуде. №1 балаларға қызмет көрсету филиалы да бұл Акцияға қосылды. 10 желтоқсанда «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты іс-шара өткізілді.Іс-шара қазіргі қоғамдағы қатігездік мәселесіне балалар мен жасөспірімдердің назарын аударуға бағытталды. Өйткені кейде адам өз мақсатына жетемін деп жүріп, мейірімділік, жанашырлық, ізгілік және сүйіспеншілік сияқты қасиеттерін жоғалтып ала жатады. Қарағанды облысының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Ирина Болеславовна Киселева жасөспірімдерге қандай әрекеттер зорлық-зомбылыққа жататынын және неге зорлыққа тек заң тұрғысынан ғана емес, адамдық қадір-қасиет тұрғысынан да жауап беру маңызды екенін жан-жақты түсіндіріп берді. Кітапханашы балаларды «Әдеби шығармалардағы зорлық-зомбылық» және «Мейірімділікке кітаптан үйрен» айдарларымен дайындалған кітап көрмесімен таныстырды.

2025 12 11 092625    2025 12 11 092640    2025 12 11 092640

Яндекс.Метрика