№17 жалпы білім беретін орта мектеппен №27 кітапхана филиалында “Зорлық-зомбылыққа қарсы: әлемді мейірім құтқарады” тақырыбында тренинг өткізілді.
Шараға №1 емхананың психологы Ажар Саятқызы қатысып, оқушыларға мейірімнің күші, бір-біріне құрметпен қарау, өз құқығын білу және қиын жағдайда көмекке жүгіну жолдары туралы түсіндіру жүргізді.
Тренинг барысында балалар топтық ойындар ойнап, өмірдегі түрлі жағдайларды талқылап, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын үйренді.Ажар Саятқызы оқушыларға эмоцияны басқару, өзара сыйластық пен қарым-қатынастағы мәдениеттің маңызын ерекше атап өтті.
Шараның мақсаты – оқушыларды қауіпсіздік ережелеріне үйрету, жан-жақты қолдау көрсету және қоғамда мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын нығайту.





