«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Тағдыр романы бойынша әдеби сағат өтті.
Әдеби шараның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраға құрмет сезімін қалыптастыру
Шараға Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі студенттері қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы жайында кеңінен ақпарат алды.
Кездесу барысында «Тағдыр» шығармасының мазмұны терең талқыланып, кейіпкерлер тағдыры мен туындының тарихи-танымдық маңызы жөнінде пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылды.





