№31 кітапхана филиалында  "Бір ел-бір кітап акциясының екі авторлары туралы «Қазақ әдебиетінің қос жұлдызы» көрме ұсынылды.Қазақ әдебиетінің қос жұлдызы Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов: Ұлт рухын жаңғыртқан қос тұлға
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығына назар аударылды.
Тәкен Әлімқұлов – ұлттық прозаның шебері, психологизм мен терең мінезді бейнелеудің ұстасы. Оның әңгімелері мен хикаяттары қазақ руханиятының сырлы қырларын ашып, тарихи-мәдени жадты жаңғыртады.
Жұмекен Нәжімеденов – поэзия мен прозаны жаңа деңгейге көтерген жаңашыл тұлға. Ол қазақ поэзиясына күрделі ырғақ, терең философиялық мазмұн әкелген ақын. Жұмекеннің әрбір өлеңі – ішкі еркіндік, азаматтық ұстаным және адамдық ізденіс туралы сыр.Олардың туындылары бүгінгі оқырманға да ой салып, жүрекке жол табары сөзсіз.

2025 12 08 091434    2025 12 08 091443   2025 12 08 091637

Яндекс.Метрика