15 сәуір 2021жылы М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында ҚР IIM Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының профессоры, полиция полковнигі Егізбаев Сансызбай Қармысұлы мен сарбаздардың қатысуымен «Бақытыңды кітаптан ізде» тақырыбында кездесу кеші өтті. Іс-шара қонақтары:  Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Шакенов Ардақ Ордашұлы; Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы орталық өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімнің Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімшесі бастығының аға көмекшісі майор Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы мен сарбаздар; «Қарымды қаламгер» клубының мүшесі Майролқызы Ораз-Ай; Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің 3 курс студенті Роза Майролқызы. Іс-шараны модератор М.О.Әуезов атындағы ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі А.Толеуханова ашып, қатысушыларды кеш қонағымен таныстырып өтті. Одан әрі Сансызбай Қармысұлы өзінің еңбек жолындағы қызықты жайттармен бөлісіп, кітаптың алар орыны жайында баяндай отырып жастарды кітап оқуға тарту туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара барысында қонағымызға сарбаздар өз сұрақтарын қойып жауап алды. Кеш барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы орталық өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімнің мерзімді қызметшісі қатарындағы жауынгер Ж.Адимовтың орындауында «Офицеры» әнін және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің  3-курс студенті Р.Майрол «Қазақ елі» өлеңін шырқады.

001  002  003  004

Яндекс.Метрика