14.05.2021 жылы М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Ұстаз, өлкетанушы, Ақтоғай ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет белгісі» ордені иегері Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлымен «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележоба аясында Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясы көшбасшыларының  бірі  Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай «Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан» атты тақырыбында кездесу кеші өтті. Іс-шара Құрманғазының «Адай» күйімен басталды, орындаған «Есіл» өнер студиясының домбыра сыныбының ұстазы  Ерасыл Бақдәулетұлы.   Іс-шараны модератор М.О.Әуезов атындағы ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі А.Толеуханова ашып, қатысушыларды кеш қонағымен таныстырып өтті. Одан әрі Тұңғышбай Өміртайұлы Әлихан Бөкейхан жайында қысқаша мағлұмат бере отырып,  өзінің еңбек жолын айтып өтті.

001  002  003  004  005

Яндекс.Метрика