2021 жылы 10 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы аясында «Нұрәсем» сән үйінің директоры Инсина Венера Әбдіғалиқызымен кездесу кеші өтті. Іс-шара барысында өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айткүл Төлеухановна «Нұрәсем» сән үйінің директоры Исина Венера Әбдіғалиқызының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, қазақтың ұлттық киімін тігу өнерін сипаттады, сондай-ақ «Нұрәсем» туралы слайд-презентация көрсетілді, «Нұрәсем» сән үйінің эксклюзивті киімдерінің дифелесі өткізілді. Іс-шара барысында «Теміртау Мәдениет сарайының» әншісі  Хасенова Жаннаның орындауында «Нұрәсем» әні шырқалды.

001  002  003  004  005

Яндекс.Метрика