"Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Бағдат Мүбарактің шығармашылығын насихаттауға арналған "Өлең десе, өртенеді өзегім" атты байқауын онлайн-форматта ZOOM платформасы арқылы өткізді. Іс-шараны мадератор Жәлел Шалқар  Қуандықұлы жүргізді. Байқаудың демеушісі, ҚР Білім меценаты, "Алтын Жүрек" ұлттық сыйлығының және ҚХА "Бірлік" алтын медалінің иегері, Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Қомарұлы Алтынбеков байқауды салтанатты түрде ашты. Байқаудың қазылар алқасы: Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, "Қасым" республикалық әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы, ақын, жазушы - Серік Сағынтай, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі,  "Дауыс" жыр кітабының авторы - Қайрат Асқар, ақын, ұлағатты ұстаз, "Жүз бағы", "Жанымның мөлдір тамшысы", "Ай дидарлы арманым" жыр жинақтарының авторы - Айнұр Тұрмағанбетқызы Жаппарқұлова, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры - Дина Базарбайқызы Аманжолова, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы - Жансая Жанғазыұлы Жарылғапов. Байқауға өздерінің бақтарын сынауға 30 үміткер өтініш білдірді. Ең үздік болып, бас жүлдені ұтып алған №61 ЖББОМ 11 "А" сынып оқушысы Мұрат Дильназ 100 000 мың теңге сертификатқа ие болып, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің  математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенті Әуеспек Айғаным Сүйенішқызы 2 орынды қанжығасына байлап, 60 000 мың теңге сертификатына ие болды. Ал №39 гимназияның 9 "Б" сынып оқушысы Тұрсынбай Арсанат Айдарұлы мен Қарағанды техникалық университетінің химия және химиялық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Найзабаев Ақжол Арманұлы 35 000 мың теңге сертификатына ие болды. Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана филиалының меңгерушісі Балдаева Айғаным Ерланқызы; академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология  факультеті журналистика кафедрасының 2 курс студенті Хашхынбай Жанбота; "Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі" КМҚК  қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің 4 курс студенті Мұстафина Айсұлу Қанатқызы; академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мәдени-тынығу  мамандығының 1 курс студенті Ауданбаева Құндызай Ауданбайқызы; №65 ЖББОМ 11 сынып оқушысы Ахмет Ақниет Қаныбекқызы; Қарағанды техникалық университетінің 2 курс студенті Фазыл Қазбек Жетпісұлы алғыс хаттармен марапатталды.

001  002  003  004  005  006  007

Яндекс.Метрика