2021 жылыдың 28 қыркүйек күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де офлайн және ZOOM платформасында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай «Әлем таныған Әуезов» атты ғылыми конференция өтті. Байқаудың демеушісі ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының және ҚХА «Бірлік» алтын медалінің иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы. Ең алғашқы құттықтау сөзді "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі"ММ бөлімінің басшысы Нұртаева Баян Сейтбекқызы ашты. Конференция басында ZOOM платформасында Алматы қаласында қатар өткізілген М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдардың ХVІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясына қосылып Бекзат Қомарұлы тілек білдірді. Ғылыми конференцияға өтініш білдірген 18 бен 35 жас аралығындағы 20-ға жуық ғылыми жұмыстар қаралып, үздік деп танылған 6 қатысушы іріктеп алынды.  Әділқазылар алқасының мүшелері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Толеубаева Камшат Аманбайқызы; «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы; филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор  Бабашов Азат Мақсұтбекұлы; филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «BoIashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембаев Құрманғазы Зәкірұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры Амиров Есжан Сарманқұлұлы болды. Қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен «Арқа батырлары» кітабы табысталды. III орынды 60 мың теңге сертификатын «BoIashaq» Академиясы» 4 курс студенті Төребаева Асыл Оразбекқызы иеленді. II орынды 70 мың теңге сертификатын Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің  II курс магистранты Болкенбаева Айгерим Даулетиаровна иеленді, I орынды Семей қаласынан «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК 4-курс студенті Мавленова Диляра Бекмухамбетовна жеңіп алды.

001  002  003  004  005  006  007  009  010  011

Яндекс.Метрика