2021 жылы 8 желтоқсан күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана   жүйесі»КММ-де офлайн және ZOOM платформасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына» орай  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері ақын Асан Мирас Болатұлы мен Байбұланова Жадыра  Төкенқызының шығармашылығына арналған «Егіз лебіз» атты қалалық байқау өтті. Байқаудың демеушісі білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы. Байқауға өтініш білдірген 16 мен 35 жас аралығындағы 25-ке жуық үміткерлерлер бақ сынасты. Филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор  Азат Мақсұтбекұлы төрағалық еткен қазылар алқасы құрамында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ғазиза Смағұлова, №8 ЖББМ-нің казақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2011 жылы Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлердің «Тәуелсіздік тұғыры» атты фестивалінің Есентай атындағы арнайы жүлдесінің лауреаты, «Қасқа құлын» атты кітаптың авторы Иманбеков Қайрат Берікболұлы; Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапхана басшысының орынбасары Қалиева Қалқатай Мағиқызы, Облытық «Қазақ тілі» қоғамының атқарушы директоры Асхат Қажытай. Байқауда қазылар алқасы үмітерлердің жаттаған өлеңдер саны мен сапасы, мәнерлеп оқу шеберлігі, сахна орындаушылық шеберлік деңгейі бойынша бағаланады, сахна мәдениетіне баса назар аударып, кемшіліктерін де ескертті. Қатысушыларға Алғыс хат пен «Арқа батырлары» атты кітабы табысталды. III  орынды 35 мың теңге сертификатын ИП «Ozge Group» қызметкері Қарасаева Бағым Жомартқызы, Сағынтаев Қасиет Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының II курс студенті ие болды, II орынды 60 мың теңге сертификатын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің студенті  Камиспаев Тилеужан ие болды, I орынды 100 мың теңгелік сертификатты №61 ЖББМ 11 сынып оқушысы Эшкулова Ақшархат жеңіп алды. Сонымен қатар Облытық «Қазақ тілі» қоғамының атқарушы директоры Асхат Қажытайдың қолдауымен 5 үміткерге ай сайын 20 мың теңгеден 5 айға степендия тағайындалды олар: Айтмағанбет Аружан Бектасқызы, Екпинбай Наргиз Нұршатқызы, Әуесбек Айғаным Сүйенішқызы, Адилов Ислам Хабибуллаұлы, Сәлімгерей Қауария Мұратқызы. Келесі байқау «Арқаның ару қыздарының» шығармашылығына арналатындығын Алтынбеков Бегзат Қомарұлы өз сөзінде айтып кетті.

001  002  003  004  005  006

 

Яндекс.Метрика