10.06.21 күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қазіргі қазақ әдебиеті және оның танымдылығын арттыру жолдары» атты семинар өтті. Іс - шара барысында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Ахметкаримова Гульжан Кабылкаримовнаға сөз берілді. Кейін іс - шара қонақтарына сөз берілді: Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды Университеті, филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Толеубаева Камшат Аманбаевна «Қазіргі қазақ әдебиеті» тақырыбында баяндама жасады. Одан кейін сөз кезегі Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды Университеті, филология факультетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі Жақан Әлімжан Құтжанұлы «PR. PR-дағы этика» тақырыбында дәріс берді. Келесі, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы «Тіл мәдениеті және шешендік өнер» тақырыбында дәріс берді. Сөз кезегі соңында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ әдістеме бөлімінің меңгерушісі Кейкина Сауле Еркебаевна «Мамандардың кәсіби құзіреттілігі, оларды дамыту жолдары» тақырыбында кеңес берді. Іс - шарамызды мекеме басшысы Ахметкаримова Гульжан Кабылкаримовна қорытындылады.
2021 06 10 161430  2021 06 10 150854  2021 06 10 152958  2021 06 10 161328
Яндекс.Метрика