«Ертөстік» клуб
«Ертөстік» балалардың танымдық клубы туралы
Клубтың мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық-танымдық белсенділіктерін арттыру, ұлттық және әлемдік балалар әдебиетін оқуға тарту.
Клубтың міндеттері:
1. Баланы рухани және шығармашылық жағынан жетілдіру, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
2. Кітап оқуға, кітапханаға тартуға және кітапты насихаттауға бағытталған мәдени шаралар ұйымдастырып, бос уақытты тиімді өткізуге ықпал ету.
3.Клуб қатысушылары: жас аралығы шектеусіз.
Клуб өз жұмысын қоғамдық және шығармашылық ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлестіре жүргізеді.
4. Клуб жұмысының түрлері:
- оқырмандар конференциясы
- дөңгелек үстел
- брейн – ринг
- жаңа кітап беташары
- интеллектуалды ойындар
- пікірталас
- әдеби кештер
- библио кафе
- флэш моб
- оқырмандар күні және т.б.
5. «Ертөстік» клубының бүкіл жұмысы сайланған клуб жетекшілігімен, оның мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылады.
6.Клуб жұмысының ұраны,логотипі, жұмыс жоспары, бағдарламасы клуб Кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі. Клуб отырысы әр тоқсан сайын өткізіледі.
7. Клуб Кеңесі мәжіліс тиімділігін және сапасын арттыру жөніндегі іс – тәжірбиелерін талдап, кеңінен таратады.