Шілденің 12 күні №15 кітапхана-филиалында Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай « Әміре Қашаубаев-дала бұлбұлы» атты музыкалық вояж өтті. Шара мақсаты: Ә.Қашаубаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру,ән мұрасын оқырмандарға таныту. Қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіру. Мереке барысында кітапхана қызметкерлері атақты қазақ әншісі, аңыз адам, шет елдерге дейін атағы шыққан әнші туралы сыр шертті. Ә.Қашаубаев Парижде өткен этнографиялық әлемдік көрмеге қатысып, екінші орынды жеңіп алып, күміс медаль иеленді. Әншінің орындауындағы «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Дудар-ай», «Бес қарагер» атты әндері тыңдармандарды бей-жай қалдырған емес. 2017 жылы Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасында «Әміре Парижде» атты кітап шығып, 2018 жылы «Әміре» киносы түсірілді. Әр жыл сайын Ә.Қашаубаев атындағы әнші-домбырашылар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылып, мерзімдік басылымдарда шығып тұрады. Ол кісі жайында әлі де талай зерттеліп, жазыла бермек. Шара соңында оқырмандар « Әміре Қашаубаев-дала бұлбұлы» атты көрмеге шолу жасады.

1112222

Яндекс.Метрика