16 мамыр күні №16 кітапхана-филиалында Славян жазуы күніне орай №4 өнер мектебінің 5-6 сынып оқушыларына арнап «Әліппе – ғылым бастауы» атты виртуалды әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты оқушыларды славян жазуының тарихымен және мәдениетімен таныстыру, тілге деген құрмет пен ізгілік қасиетке тәрбиелеу. Шара барысында жүргізушілер Славян жазуы күні ең алғаш славян жазуын құрған ғалымдар мен ағартушыларға арналғандығын айтып өтті, сонымен қатар балаларға славян жазуының негізін қалаушылар және олардың өмір жолдары жайындағы «Славян әліпбиінің тарихы», «Кирилл мен Мефодий» атты кішігірім бейнебаяндар көрсетілді. Одан әрі оқушылар назарына «Славян жазуы жазбадан электронды кітапқа дейін» презентациясы ұсынылды. «Туған тіл ата-баба мұрасы» кітап көрмесіне шолу жасалып әліпби мен жазбаның шығу тарихы жайында айтылды. Бұл шара орыс тілі тарихының біраз құпияларын ашып көрсетті. Шара барысында балалар көптеген жаңа және қызықты ақпарат білді.

ларец мудрости min DSCN0942 min

 

Яндекс.Метрика