20 қазан күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында  Қарағанды қ. жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталықпен бірлесе отырып «Кітапхана түні» – мәдени демалыс кеші өтті. Шараның мақсаты: кітапхана ісін дамыту, кітап оқуды насихаттау, жаңа форматтағы мәдени демалысты ұйымдастыру. Орталық қалалық кітапханаға оқырмандар, әртүрлі ЖОО студенттері мен оқушылар жиналды. Кеш қонақтарын Орталықтандырылған кітапхан жүйесінің директоры  Г.А.  Карагонысова қарсы алып, кешті сөз сөйлеп ашты. Шараның ашылуы «Буккроссинг»  акциясының «Сізді шақырған кітапты табыңыз»  ұранымен басталып, әрбір кітап өз оқырманын тапты.  Қарағанды қ. жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының жастары  кітапханалық квест ұйымдастырып,  өткізді. Квест ойыны кезінде әр оқырман сүйікті кітабындағы, фильмдегі немесе ойындағы кейіпкерге айналды. Ойыншылардың міндеті, құпия жұмбақтарды шешу, түнгі кітапхананың тылсым әлемін түсіну,  әрбір ұсақ-түйекке назар аудару қажет болды.  Ресурстық орталықтың жастары Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбаев бейнесін сомдады және кешті «Қыз Жібек» театрландырылған қойылымының желісімен аяқтады.  Шара барысында кітап әлеміне қызығушылық танытқан жас оқырмандар кітап сақтау бөлімдерін аралап,  кітап қорымен танысып, түнгі кітапханаға саяхат жасады.  Қорытындысында шараға белсене қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Жастарға мұндай демалыс өте ұнады. Барлығы  70 адам қатысты.

 DSC 0007 minDSC 0012 minDSC 0017 minDSC 0034 minDSC 0037 minDSC 0043 minDSC 0087 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика