9 ақпан күні №15 балалар кітапхана-филиалында №86 ЖББОМ 3-4 сынып оқушылары үшін қала күнін атап өтуге арналған «Мен Қарағандыда тұрамын, қаламды жақсы блемін» атты өлкетану саяхаты өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында туған қаласын сүюге, тануға деген  қызығушылықты тәрбиелеу, туған өлкесінің бай мұрасын қорғау және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.  Шара барысында балаларға қала тарихы туралы әңгімеленді және «Қарағандының тарихы» атты бейнеролик көрсетіліп, виртуалды таныстырылым арқылы қаланың өткен тарихына саяхат жасалды. Өлкетану бойынша «Қала көшелерінің атауы – біздің тарихымыз» атты виртуалды викторина өткізілді, «Туған өлке-тұнған тарих» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

151152153

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика