Қайырлы күн құрметті әлеуметтік желі оқырмандары! №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапханасының,«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында Zoom платформасында «Ұлт қасіретін көрсеткен жазушы» ақын, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Досжан Сәуле Мағазбекқызының «Қасірет пен тағдыр» кітабының таныстырылымы, және онлайн кездесу өткізілді. Іс – шараға № 34 ЖББМ – тің 4 «Ә»сынып оқушысы Аманжолов Бекмұрат және кітапханашысы Жолдыбекова Г.А., және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы (Орталық) өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімі қатысты. Кітапхана меңгерушісі Сәуле Мағазбекқызының өмірбаяны туралы әңгімеледі, слайд – презентация көрсетілді, балалар Сәуле Мағазбекқызының өлеңдерін жатқа оқыды. Іс – шара соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы (Орталық) өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Адимов Жалғас «Сарбаздар маршы» өлеңімен аяқтады.

Яндекс.Метрика