2021 жылдың 29 қаңтарында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Zoom» платформасы арқылы кітапхана-филиалдары қызметкерлері мен оқырмандар үшін «Зейнетақы заңнамасын түсіндіру, атап айтқанда БЖЗҚ-дан қаражатты мерзімінен бұрын алу туралы» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Ақмарал Түсіпбекованың қатысуымен құқықтық жаппай оқыту өткізді.
Жалпы оқыту шеңберінде маман тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға, емдеу рәсімдерін немесе дәрі-дәрмектерді төлеуге, сондай-ақ жинақтарды жеке меншікке беру туралы мәселелерді назарға алды, онда азаматтарға жеке зейнетақы жинақтарын қай басқарушы компанияға сеніп тапсыруды өздері шешуге мүмкіндік беріледі.
Соны мен қатар, салымшылардың жинақтарды аудару кезінде жеткіліктілікшегіне насыра алмайтындығы түсіндірілді. Басқаша айтқанда, азаматтар жинақтардың бір бөлігін ғана пайдалана алады. Қалған қаражат ҚР Ұлттық Банкін де болады.
Әңгімелесу шеңберінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық порталын түсіндіру және кіру қадамдары бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

001  002

003  004

Яндекс.Метрика