10.12.2020 кітапханада - Қарағанды ​​қаласы КММ «Орталық кітапханалар жүйесі»-нің 16 филиалы, әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлерімен бірге оқырмандарға арналған zoom алаңында ҚР Тәуелсіздік күніне орай: «Қазақстан. Бірлік. Тұрақтылық» атты патриоттық сағат өткізді. Патриоттық сезімді қалыптастыру, туған елге деген құрмет пен тәуелсіз, егемен елдің тарихы туралы кітаптармен танысу мақсатында «Қазақстан - бейбітшілік пен тұрақтылық елі» панорамалық көрмесі ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан туралы, Отанға деген сүйіспеншілік туралы, егемен Қазақстанда тұратын халықтар достығы туралы өлеңдер оқыды. Іс-шара Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Метрика