Қала күніне орай іс-шара  

    10 ақпан күні қаламыздың туған күнінде орай  облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Қарағанды қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қолдауымен "Қарағанды қ. ОКЖ" КММ "Өлке тұлғалары" кітапханалық тележобасы өз жұмысын бастады. Аталмыш тележоба ай сайын М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада өткізіліп тұрады. Мерекелік шараға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Бикенов, мәдениет және өнер майталмандары Т.Т.Аршабеков, Ә.Ә.Әлімбаев, С.Ақсұңқарұлы, А.Ж.Жанғожин, Е.С.Амиров, С.Жанысбай, М.М.Қарасартов, Т.Н.Ыдырысов, М.Бекишев, М.И.Галяс қатысты. Барлық қатысушыларды қала әкімінің орынбасары мерекемен құттықтап, қала әкімі Н.Е.Әубәкіровтың атынан грамоталармен марапаттады. Шара қонақтары қала тарихы, оның құрылуы туралы, қала дамуына өз үлестерін қосқан адамдар туралы көптеген қызықты ақпараттарды білді. Кітапхана еріктілері қонақтарды мерекемен құттықтай отырып, "Қарағанды жас қалам" әнін орындады. Кеш қонақтары жастарды сүйікті қаламыздың өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды.

1IMG 0138   1IMG 0171   1IMG 0175   1IMG 0180   

1IMG 0208   1IMG 0253   1IMG 0264   1IMG 0270

    

Яндекс.Метрика