Хабарландыру 

10 ақпан күні сағат 15-00-де біздің сүйікті қаламыздың туған күніне орай, Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Қарағанды қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасын бастайды. Тележобаның құрметті қонақтары Қарағанды қ. әкімінің орынбасары Н.Р.Бикенов, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының басшысы Т.Т.Аршабеков, академик, аймақтық даму жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры А.А.Әлімбаев, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі А.Ж.Жанғожин, академик, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі М.А.Қалқабаев.

Бұл жобаның мақсаты – қала тарихы мен қаланың дамуына үлес қосқан адамдары туралы білімді арттыру, өз қаласына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Сіздерді Ерубаев көшесі, 38 мекен-жайы бойынша іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Яндекс.Метрика