«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени іс-шаралар ақпараты

     2020 жылдың 21 қаңтар күні №31 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Тау-кен индустриалды колледжінде, 1 курс оқушылары үшін М. Сейтқұловтың 150 жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты жастарды алашордалық, мәдениет меценаты Мұхамедхан Сейтқұлов туралы әдебиеттерді оқуға тарту болды. Шара барысында М. Сейтқұлов туралы мерзімді басылымдар ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушылар М. Сейтқұловтың өмірінен қызықты деректер білді, М. Сейтқұловтың үй кітапханасы ұйінің үлкен залында орналасқаны туралы, М. Сейтқұлов өз үйінде М.О.Әуезовке "Еңлік-Кебек" және "Қаракөз" пьесаларының алғашқы дайындықтарын өткізуге мүмкіндік бергені жайлы білді.  Тау-кен индустриалды колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Фарида Рашидқызы Мухамедхановтар отбасының өмірі мен олардың "Алаш"партиясындағы қызметі туралы әңгімеледі.

IMG 20200121 WA0020   IMG 20200121 WA0021

     2020 жылдың 21 қаңтар күні №14 кітапхана-филиалында Ұлы  Жеңістің 75 жылдығына орай «Халық  ерлігінің ұлылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме «Елін өз жүрегімен қорғады», «Кітаптар естеліктерді жаңғыртады» атты бөлімдерден құралды.  Кітапханашылар оқырмандарға Ұлы Отан соғысына, Кеңес халқының ерлігіне арналған басылымдарға қысқаша шолу жасады.

20200109 134554   20200116 130428

     2020 жылдың 21 қаңтарында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Еріктілер жылы аясында кітапханада волонтерлік қозғалысты дамыту, кітапханадағы еріктілердің мәдени-ағартушылық жұмыс жоспарымен таныстыру, кітапханалардың практикалық қызметіне волонтерлерді тарту мақсатымен "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ қызметкерлерінің бір күндік акциясы өтті. Акция  барысында кітапханашылар қызмет көрсететін шағын аудантұрғындарына, М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана мамандары әзірлеген құжаттар пакеті – волонтерлармен жұмысының жылдық жоспары, кітапхана волонтерларының жүргізетін жұмысы туралы жазылған  үлестірме материалдар таратылып, жастардан сұхбат алынып, әңгіме жүргізілді.

S1010002    DSC0329    DSC0313    DSC0304   1   2   3   20200121 110957  20200121 120909   20200121 140919   IMG 20200121 120934

Яндекс.Метрика