«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени шара туралы ақпарат

     2020 жылдың 16 қаңтар күні №4 кітапхана-филиалында "Жеңіс сарбаздары. Қарағандылықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында", "Ер есімі –ел есінде" еске алу кітабының тұсаукесері өткізілді. Іс шараның мақсаты оқушылардың бойында патриоттық, ел үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, нағыз ұлтжанды, Отан қорғаушысының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды Ел мен өлкенің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.

IMG 20200116 WA0011 1   IMG 20200116 WA0013   IMG 20200116 WA0014 1

     2020 жылдың 16 қаңтарында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада шет тілдер колледжінің оқытушыларымен «Қазақ даласының алғашқы ағартушылары» атты творчестволық кездесу өткізілді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы талқыланып, «Қазақтың тәлімдік ойлар анталогиясы» кітабына тоқталып, «Оның тағдыры бірінші болу» деген тақырыппен ағартушы  Н.Күлжанова туралы толық мағлұмат берілді. Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернатының оқушылары ағартушы Н.Нұрмақов туралы тың ақпарат беріп, архив құжаттарының көшірмелерімен таныстырды.

IMG 20200116 WA0006   IMG 20200116 WA0014   IMG 20200116 WA0017

Яндекс.Метрика