Ақпарат

"Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де

Еріктілер жылына орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

     2020 жылдың 15 қаңтарында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Еріктілер жылы аясында кітапханада волонтерлік қозғалысты дамыту, кітапханадағы еріктілердің мәдени-ағартушылық жұмыс жоспарымен таныстыру, кітапханалардың практикалық қызметіне волонтерлерді тарту мақсатымен "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ қызметкерлерінің отырысы өтті.

     Отырыс барысында кітапханашылар назарына, жүректің сұлбасымен және BIRGEMIZ жазуларынан тұратын геометриялық формасы бар Волонтер жылының логотипі, М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана мамандары әзірлеген құжаттар пакеті – волонтерлармен жұмысының жылдық жоспары, шағын аудан тұрғындары үшін үлестірме материалдар, кітапханада волонтерлермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік құжаттар ұсынылды.

IMG 20200115 WA0022   IMG 20200115 WA0023

Яндекс.Метрика