«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени шара туралы ақпарат

       2020  жылдың 10 қаңтар күні №22 кітапхана-филиалында  Ілияс Есенберлиннің  105 жылдығына орай «Тарих ғылымының классигі» атты портреттік кеш өтті. Оған №8 ЖББОМ-нің 8 сынып оқушылары қатысты. Кештің басты мақсаты оқырмандарға жазушының  өмірі  мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру, шығармаларына оқушылар қызығушылық танытып, оны оқуларына ықпал ету болды. Шара  барысында оқырмандар Ілияс Есенберлиннің өмір баянымен, «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» шығармаларымен танысты.

20200110 123709   20200110 123756

       Сонымен қатар И. Есенберлинның шығармаларын насихаттап, оқырмандардың ой-өрісін байыту мақсатымен №29, №8 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен мәдени іс-шаралар өткізілді. Шара барысында кітапханашылар оқырмандарды халық жазушысының өмірі мен шығармашылығы мен таныстырып, ұлттық мәдениет үшін оның шығармашылығының маңызы туралы әңгімеледі, оқырмандар жазушының тарихи романдары туралы өз әсерлерімен бөлісті. №29 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қадірі кетпес Қадырдың» портреттік-кешін №101 мектеп лицейінде, 6 сынып оқушыларына өткізсе, №8 кітапхана-филиалының кітапханашылары «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты әдеби кешті  оқырмандар залында өткізді.

IMG 20200110 WA0001   IMG 20200110 WA0002   IMG 20200110 WA0003

20200110 122707   20200110 123746

Яндекс.Метрика