«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  өткізген мәдени шаралар ақпараты

     2019 жылдың 20 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың және  №22 мен №5 балаларға  қызмет көрсету филиалдарының қызметкерлері латын әліпбиі бойынша сабақ өткізді.

     М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Калышбекова А.Ж  «Әліпбидегі өзгерістер» танымдық сағатын өткізді. Ал №22 кітапхана – филиалының кітапханашысы Өртенхан.П«Латын қарпіне енгізілетін өзгерістермен таныстыру» түсіндірме сағатын өткізді. Іс-шара барысында өтілген тақырыптар бойынша сөздік диктант пен мәтіндер оқытылды. Сонымен қатар №5 балаларға қызмет көрсету филиалында, «Латын әліпбиінің тарихы» көрме сағаты өткізілді. Іс – шара барысында оқырмандарымыз латын қарпінің тарихы жайлы бірнеше сұрақтар қойып, латын қаріпі бойынша басылымдарға шолу жасалды.

IMG20191120111411   IMG20191120124243

     2019 жылдың 20 қараша күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің арасында өзін-өзі дамыту және тереңдете оқу мақсатында талқылау сағаты өткізілді. Онда Ш.Айтматовтың өмірімен және шығармаларымен танысып, әр қызметкер өз оқыған шығармаларынан  алған әсері жайлы ой бөлісті.

IMG 20191120 WA0038   IMG 20191120 WA0040

     2019 жылдың 20 қараша күні №22 кітапхана-филиалында   жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Дәуір және тұлға» тақырыбында портреттік кеш өтті. Мақсаты: оқырмандарға  жазушының өмірі  мен шығармашылығы туралы  ақпарат беріп, олардың арасында  жазушының шығармаларына қызығушылық  тудыру. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде ұсынылған кітаптар оқырмандарға  жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен кеңінен танысты.  

20191031 154508   20191031 154543

         2019 жылдың 20 қараша күні № 23 кітапхана-филиалында Қарағанды қаласының 85 жылдығына орай «Қазақстанның киелі жері-Қарағанды» атты әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға туған өлкенің киелі жерлерін таныстыру, патриоттық сезімдерін ояту және осы бағыттағы кітаптарды насихаттау. Шараға Теміржолшылар мәдениет үйінің қызыметкерлері мен зейнеткер оқырмандарымыз қатысты.

IMG 20191120 WA0024   IMG 20191120 WA0025

     2019 жылдың 20 қараша күні  № 12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған, балалар құқықтарымен таныстыру мақсатында 5-6 жастағы балалар үшін "Жұлдызды сағат", "Мен-бала, Мен-азаматпын!" атты зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді.

IMG 20191121 WA0023   IMG 20191121 WA0024 

Яндекс.Метрика