Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде

өткізілген мәдени шаралар ақпараты

      Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 филиалында «Рухани жаңғыру» аясында Сәкен сынды сұңқар ақынның баға жетпес мұрасын жас ұрпаққа ұлықтап, таныту мақсатында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин – сұлу жырдың сұңқары» атты шарасы Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірге өткізілді. Аталмыш шараға Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Смағұлов Нұртас Бірлікұлы, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры Қалкенов Нұрсұлтан, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының актеры Снегирев Константин және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі шақырылды. Шара шағын көрініспен ашылып, С.Сейфуллиннің көркем туындылары, оның тар жол тайғақ кешуге толы өмір жолы жайлы жүргізушілердің сөздерімен жалғастырылды. Шара барысында Қ.Байжанов концерттік бірлестіктің әншісі ақынның ел ішінде кең таралған «Көкшетау», «Біздің жақта», «Тау ішінде» әндерін нақышына келтіре шырқады, ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылды. Шараға арнайы дайындалған «Сәкен есімі мәңгі» кітап көрмесіне шолу жасалып, "Сәкен Сейфуллин – сұлу жырдың сұңқары" атты слайдтар көрсетілді.

 DSC0105    DSC0112    DSC0099    DSC0115    DSC0124

Яндекс.Метрика