«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  өткізген мәдени шаралар ақпараты

       2019 жылдың 24 қыркүйек күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында  кітап оқуға ынталандыру мақсатында №53 мектеп-лицейінің 2 «е» сынып оқушыларымен «Оқымыстылар қаласы» атты  кітапханаға саяхат өткізілді.  Қызметкерлер балаларды жаңа түскен кітаптарымен сондай-ақ кітапхана тәртібімен оқу залы және абонемент залдарымен таныстырды. Одан әрі балалар кітапханаға түсетін барлық мерзімді басылымдармен танысып «Сүйікті кітаптар беттерінен» викториналарға жауар берді. Шара соңында  жас оқырмандарға «Кітапханаға келіп – өте жақсы уақыт өткізіңіз!» атты кітапхананың мекен-жайы және жазылу тәртібі жазылған парақшалар таратылды.

IMG 20190924 113240   IMG 20190924 113521

      2019 жылы 24 қыркүйекте № 1 балаларға қызмет көрсету  кітапхана-филиалында  «Мен қазақ тілінің сұлулығына тәнтімін» атты әдеби портрет шарасы өткізілді. Іс-шараға №16 ЖББОМ-нің 7 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы оқушыларды жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы, публицист, қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Сонымен қатар  кітапханашылар "Қазақ дәптері", "Қайнар тау", "Властитель – слово", "Плетенье чепухи", "Казахские арабески", "Завтра будет солнце", "Дом скитальца", "Каменный брод" және басқа да кітаптар қойылған кітап көрмесімен таныстырды.

IMG 20190924 WA0020

       Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен  Абай  ескерткішінің алдында  «Ақын болып туды да, Хәкім болған Абайым!» атты  Қарағанды жастарының арасындағы облыстық ХІІІ Абай оқулары өтті.  Аталмыш шараға М.О Әуезов атындағы орталық қалалық №7 және  №8 кітапхана филиалдарының оқырмандары белсене ат салысты. Атап өтсек: Жанәлі Рауан, Батталова Ақерке, Голуб Владислава мен Кенже Қанағат мадақтау қағаздарымен марапатталды.

IMG 20190923 WA0013   IMG 20190923 WA0017

Яндекс.Метрика