«Арқа батырлары» атты кітабының тұсаукесері

        29 тамыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық-қалалық кітапханада  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сонымен қатар Қарағанды қаласының 85жылдық мерейтойына арналған «Арқа батырлары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға кітаптың авторлары тарихшы, археолог, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық архивінің директоры Т.Т Аршабеков., Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дің Қазақстан тарихының кафедра меңгерушісі А.Ж Жұманова, арнайы шақырылған қонақ Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы Ж.А Жұмабеков, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Шара барысында  авторлар кітаптың шығарылу тарихына, мәдени құндылықтарға айналған, әр дәуірдегі тарихи ескерткіштерге тоқталып өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы Ж.А Жұмабеков өз сөзінде, кітаптың Қазақстан тарихы болсын, не болмаса осы аймақ, өлкенің тарихын зерттеуде алар орны зор екенін атап айтты.

Яндекс.Метрика