«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты

2019 жылдың 08 тамызы күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-бөлімшесінің ауласында кітапханашылар «Спорт-бұл өмір, бұл қуаныш, денсаулық» атты спорттық ойындар өткізді.
Шара барысында кітапханашылар балаларға турникке тартылу, сегіргіште секіру, жүгіру, «Кім жылдам» сияқты ойындар ойнатты. Барлық қатысушылар өздерінің ептілігін, шапшандықтарын көрсете білді. Ең бастысы-сергектік пен көптеген жағымды эмоциялар алды. Іс-шараға қатысушылар саны-10 адам.

1

2

2019 жылдың 09 тамызы күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-бөлімшесінде М.Зощенконың туғанына 125 жыл толуына байланысты «Өнегелі бала» атты дауыстап оқулар өткізілді.

         Іс-шара барысында жүргізуші С. Сарычева жазушының ерекше қызықты өмірі туралы айтып, балаларды оның шығармаларымен таныстырып, "Показательный ребенок", "Самое главное", "Бабушкин подарок", "Не надо врать", "Любимое занятие" атты әңгімелеріне толығырақ тоқталды. Әңгіме шығармалардан үзінді оқумен сүйемелденді.  Балалар мәнерлеп оқу және викторинаға белсене қатысты. Іс-шараға 8 адам қатысты.

4

6

2019 жылдың 09 тамызы күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  №16 кітапхана бөлімшесінде Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Халықтың жадында сақталған» атты тарихи дәріс өткізілді.

Іс – шарада балаларды батырдың Отанға жасаған ерлігімен, қайтпас қайсарлығы мен Отанға деген адалдығымен таныстырып өтті. Жүргізушілер дайындаған Нұркен Әбдіровтың туған жерімен өскен ортасы және оның жасаған ерліктері туралы  бейне – роликтер көрсетілді. Сонымен қатар виртуальді көрмеге шолу жасалды. Іс –шараға 10 адам қатысты.

7

8

 

 

 

Яндекс.Метрика