«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

2019 жылдың 27-маусым  күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында ҚР  Тұңғыш Президентінің"Рухани жаңғыру" бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, сондай-ақ Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына орай«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен шығарылған «Қазыналы-Қарағанды» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Мақсаты:Қарағанды қаласы туралы тың деректер топтастырылып, қатпарлаған тарих беттерінен орын алар еңбек «Қазыналы-Қарағанды» кітабын көпшілік оқырман қауымға ұсыну. Қойнауы құтты өлкенің ғасырдан ғасырға жеткізер өлкелік кітаптарды насихаттау.

Шара барысында Қарағанды қаласының өткен тарихи кезеңі,  инфрақұрылымы, өнеркәсіп орталықтарының пайда болуы, демографиясы, мәдениеті насихатталған «Қазыналы-Қарағанды» кітабының мазмұны баяндалды. Шараға кітапты құрастырушылар академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандитаты, тарих факультетінің деканыЖ.Ә.Жұмабеков,тарихшы Т.Т.Аршабеков сондай-ақ Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі С.А.Лебедев, Қарағанды жазушылар одағының мүшесі Қ.Асқаров қатысып, оқырман қауымға кітапты кеңіріек таныстырып, қала тарихына тоқтала кетті.Тұсаукесерге жергілікті телеарналар қатысып, кітап авторларымен қатар қатысушы қонақтардан сұхбат алды. Кеш соңында  құрастырушы автор қолтанбасын қойып «Қазыналы-Қарағанды» кітабын арнайы шақырған қонақтарға және БАҚ сыйға тартты.

 DSC1897    DSC1902    DSC1909

Яндекс.Метрика