«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

     2019 жылдың 20-маусым  күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында өлкетану бөлімі мен №4,№11 көпшілікке арналған кітапхана филиалдарының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы адамдары-Абылай хан, Кенесары» атты бейне көпір өткізілді.

     Шара барысында Абылай хан мен Кенесары ханның өнеге, үлгі болар, тарих беттеріндегі салған сара жолдарына, нақты деректерге сүйене отырып тың ақпараттар берілді. Бейне көпір барысында №4 көпшілікке арналған кітапхана филиалымен тікелей байланыс жасап, пікір алмасты. Өлкетану бөлімінің жанынан құрылған зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубының белді мүшелері жазушы М.Баймуханов, ақын Ж. Карашев, З.Әбдірахманов аталарымыз үлгі өнеге болар, батырларымыздың рухты өмірінен сыр шертті. Шарамызға жергілікті 5 телеарна қатысып, қатысушылармен, ұйымдастырушылардан сұхбат алды. Қазыналы қарияларымыз болашақ пен тарихты ұштастыру жастардың қолында екендігін басты негіз етті.

 DSC1864    DSC1877

Яндекс.Метрика