«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

     19 маусым күні №29 кітапхана филиалында танымдық сағат «Латын әліпбиіне   жаңғыру талабы» өткізілді. Бұл шараға №15 балалар кітапханшысы мен кішкентай оқырмандар ат салысты. Латын қаріпінің тарихымен таныса отырып, көптеген сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар әріптермен танысып, жеке-жеке тоқталып талдау жұмыстары атқаралды.

IMG20190619114123

    Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай біздің № 22 кітапхана-бөлімшесінде 19 маусым күні сағат 12. 00-де «Шынайы емес әлем қауіптері» тақырыбында кеңес сабақ өткізілді. Кітап көрмесіне шолу жасалды, есірткі оны тұтынатын адамның өмірін жалмайтын тозақ дерті. Сондықтан оған қарсы баршамыз болып жұмылсақ қана айналамыздағы адамдарды, ұрпағымызды оның құрығынан сақтау керектігін жеткізді.

2019 06 19 14 26 38 090

     «Бәрін білгім келеді» клубының аясында 19 маусым күні М.Әуезов атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханада   41 мектептің жазғы лагерь балалары үшін «Жаңа қызықты журналдар мени газеттер» туралы ақпарат күні өткізілді.

IMG 20190619 WA0011   IMG 20190619 WA0040

Яндекс.Метрика