Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде

 өткізілген мәдени шаралар ақпараты

      2019 жылдың 25 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы мен  Қарағанды қалалық М.О. Әуезов кітапханасының ұйымдастыруымен Достық үйінде  Жұмагұл Нығметұлы Шөженовтың «Ағыбайдың ақ жолы»  атты  кітабының тұсаукесері өткізілді.
Іс-шараға арнайы тақырыптық мобилді кітапхана ұйымдастырылып,  көпшілік  қауымға таныстырылды. «Ағыбайдың ақ жолы»  атты кітабының тұсаукесері өткізіліп, кітапхана қызметкері шолу жасады. Өлкетану бөлімінің жанынан құрылған «Қарымды қаламгер»  жас ақындар клубының мүшелері арнау, дастандар оқыды. Кешке Қарағанды облысының   Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің өнерпаздары қатысты.

IMG 20190425 WA0007   IMG 20190425 WA0011   IMG 20190425 WA0012

       Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында №8 кітапхана-бөлімшесінде «Біздің күшіміз бірлікте» атты әдебиетке тақырыптық шолу өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.К. Оспанова және №13 ЖОМ 7 сынып оқушылары шақырылды. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға мереке тарихы туралы айтып, оны өткізудің өзектілігін атап өтті, Қазақстан халқының бірлігі күні ұлтына қарамастан барлық қазақстандықтардың достығының, ұйымшылдығының және жасампаздығының символына айналғанын атап өтті. Қатысушылар назарына «Біз бір Елміз, бір Халықпыз» атты презентация ұсынылды. Оқушылар Қазақстан аумағында тұратын халықтар тарихы мен достық туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер туралы викторинаға қызығушылықпен қатысты.

20190425 100933   20190425 102339   20190425 102619

Яндекс.Метрика